Шолпан — пойызда жолсерік болып жұмыс істейтін, мінезі жұмсақ, айналасына тым қолайлы қыз. Әр адамға ұнауға тырысатын әдеті талай рет өзіне қарсы ойнаған. Күндердің күнінде ол досына көмектесу үшін оның орнына Алматы–Маңғышлақ бағытына жолсерік болып шығады.
Оның вагонында сан алуан жолаушылар бар: қылмыскерді алып жүрген полицейлер, шетелдік туристер, әскерден жаңа келген жігіт, егде жастағы апа, балалы отбасы, музыканттар және Думан есімді жігіт. Алғашында бұл кәдімгі сапар секілді көрінеді. Алайда көп ұзамай Шолпан жолаушылардың арасында оның жұмысын жасырын түрде тексеріп жүрген ревизор бар екенін біледі.
Ревизордың кім екенін анықтауға тырысқан Шолпан өз бетінше зерттеу жүргізе бастайды да, күтпеген әрі қауіпті құпияларға тап болады. Осылайша сапар ушығып, әр жолаушы оқиғалар тізбегіне тартылады, ал бұл сапар Шолпанның өз өмірі мен тағдырын өзгертуге мәжбүр ететін шиеленісті әрі авантюраға толы ойынға айналады.
Шолпан - добрая и слишком удобная для окружающих девушка, работающая проводником поезда. Ее желание угодить каждому не раз играло с ней злую шутку. В один из обычных дней Шолпан соглашается помочь другу и выходит вместо него проводницей на рейс Алматы-Маңғышлақ.
В ее вагоне едут самые разные пассажиры: полицейские, перевозящие преступника, иностранные туристы, дембель, пожилая женщина, семья с ребенком, шумные музыканты и парень по имени Рауан. Казалось бы, обычная поездка, но вскоре Шолпан узнает, что среди пассажиров находится ревизор, работающий под прикрытием и проверяющий ее работу.
Пытаясь выяснить, кто именно ревизор, Шолпан начинает собственное расследование и постепенно сталкивается с куда более опасными тайнами, чем ожидала. Поездка превращается в напряженную и авантюрную игру, где каждый пассажир оказывается втянутым в цепочку событий, способных изменить их путь и саму Шолпан.