Сəуле мен Жексеннің үйленгендері біраз жыл болды. Екеуі уақыт өткен сайын бала туралы ойлана бастайды. Сол аралықта Жексеннің əпкесі Айнагүл төркіндеп келеді. Төркінде жай жүрмей Айнагүл інісі мен келінінің арасында бала жоқтығын айтып, Сəулені түртпектеуді бастайды. Сəуле мен Жексен дəрігердің тексеруінен өтіп, денсаулықтарында ешқандай кінарат жоқ екендігін біледі. Уақыт өткізіп жүре берсе ештеңе өзгермейтінін ұғып, екеуі балалы болу үшін көптеген ырымдарды жасап, тəуіп жағалап əрекет етеді. Айнагүл болса күн өткен сайын Жексен мен Сəуленің арасына от салып, ақыры Сəуле мен Жексенді ұрыстырады. Сəуле Жексенге ренжіп үйден кетіп қалады. Жексеннің анасы ұлының бұл қылығын айыптайды. Жексен Сəулесіз қиналып, одан кешірім сұрап үйге қайтармақшы болады.