Қаламқас — өрт сөндіру бөлімінің тәжірибелі, қатал басшысы. Жұмыста өзгелердің өмірін құтқарып жүрген оның өз үйінде шешілмеген мәселесі бар: күйеуі Әділ — лудоман. Қаламқас оның түзелетініне қайта-қайта сеніп, қызы Зеренің болашағын сақтап қалуға тырысады. Оның әріптестерінің де сыртқа айтпайтын өз ауыртпалығы бар. Мағжан өмір бойы ішетін әкесі мен одан шаршаған анасының ортасында қалған. Жүрсін— жүре алмайтын әйелін аяғынан тұрғызу үшін ем іздеп жүрген қамқор күйеу. Жас жүргізуші Айбек — ауылдағы кедей отбасының үлкені, жақындарын жоқшылықтан алып шығуды армандайды. Ал диспетчер Жамал мен Айбектің арасында біртіндеп жылы сезім пайда болады.