Бір кездері Бейбіт Ыстыбаевтың есімін бүкіл ел білетін. Әлем чемпионы атанған қазақ күресінің хас шебері, қайсарлық пен жігердің символына айналған спортшы мансабын аяқтағаннан кейін өмірдің ауыр сынақтарымен бетпе-бет келеді.
Тағдыр оған күтпеген жерден екінші мүмкіндік сыйлайды – өмірде өз жолын әлі таппаған, ерке мінезді студент Нұрисламға тәлімгер болу. Қарапайым жаттығу ретінде басталған бұл жол бірте-бірте олардың тағдырын өзгертетін үлкен өмір мектебіне айналады.
Жеңілістерді, алғашқы махаббатты, өмірдің қиын сынақтарын және өз ішіндегі күмән мен қорқынышты бірге еңсерген олар ең үлкен жеңіс қарсыласыңды емес, өз-өзіңді жеңуде екенін түсінеді.
«Тау адам» – екінші мүмкіндік, тәлімгер мен шәкірт арасындағы сенім, адамдық қасиет пен рухтың мықтылығы туралы шабыт сыйлайтын спорттық драмеди. Бұл – көрерменге шынайы жеңістің қайсар жүректен басталатынын еске салатын әсерлі оқиға.
Когда-то Бейбит Ыстыбаев был легендой казахской борьбы, но после завершения спортивной карьеры остался один на один с жизненными трудностями. Судьба дает ему второй шанс стать наставником избалованного студента Нурислама, который не привык бороться ни на ковре, ни в жизни. То, что начинается как обычные тренировки, превращается в путь, меняющий каждого из героев. Преодолевая конфликты поколений, поражения, первые чувства и собственные страхи, они понимают,
что настоящий чемпион это не тот, кто побеждает соперников, а тот, кто способен победить самого себя.